Қазақ поэзиясының падишасына ескерткіш орнатылды

Бөлісіңіз

Атырау қаласында қазақ поэзиясының падишасы атанған Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды. Ақынның туған жерінде салынған ескерткіштің авторы — мүсінші Мұрат Мансұров. Ескерткіш Атырау қаласындағы «Ренессанс» конақ үйінің қасында соғылған.Ал биіктігі — 8.3 метрді құрайды.
Айта кетейік, Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туылып, 2014 жылы өмірден озды. Фариза ақынның артында өшпес мұра — өлеңдері қалды. Ақынның алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

baistars.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *