Психология ғылымдарының кандидаты Сапарбаевтың мінез-құлқын сипаттап берді — TILSHI.KZ

Психология ғылымдарының кандидаты Сапарбаевтың мінез-құлқын сипаттап берді

Бөлісіңіз

Психология ғылымдарының кандидаты Ақсәуле Қарабалина қазақстандық шенеуніктердің оң имиджін қалыптастыру жолдары туралы кітап шығарды, деп хабарлайды «Тілші».

Әр адамды көшбасшы етуге болады. Доцент Ақсәуле Қарабалина осылай деп есептейді. Оның сөзінше, имидж қалыптастыратын мамандар болашақ лидердің сөйлеу, жүру мәнерін, киімін түзейді. Лидер болғысы келетін адам психологияны жақсы меңгеруі керек.

Ғалым Ақсәуле Қарабалина «Психологические аспекты формирования позитивного имиджа государственных деятелей – политиков РК» атты еңбегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың мінез-құлқын сипаттап берген.

«Сапарбаев — шаруашылықты басқара алатын білімді басшы. Нені талап ету керектігін біледі. Ол — шешен. Мен Архимедпен (Мұхамбетов — 2011-2015 жылдардағы Ақтөбе облысының әкімі) психолог ретінде жұмыс істедім. Мен Мусинді де (Аслан Мусин — 1995-2002 жылдардағы Ақтөбе облысының әкімі) таныдым, себебі оның әйелімен сөйлесіп жүрдім. Маған Сапарбаев позитивті тұлға болып көрінеді. Оның біреуге қатты тіл тигізгенін байқамайсыз. Ұрысса да, біреудің жеке басына тиіспейді, дәрежесін төмендетпейді. Өзіне тапсырылған облыстың әл-ауқатын көтеруге бар күшін салып жүреді.

Мәселен, мен тұратын Оңтүстік-Батыс ауданында жол болмаған. Былтыр күзде жол төселді. Облыста тұрғаныма 37 жыл болды. Сапарбаевтың келуімен Ақтөбе облысында өмір сүру жағдайы әлде-қайда жақсарды. Алайда, барлық адамға ұнау мүмкін емес. Мен тек салыстырмалы түрде сипаттап жатырмын», — деді Ақсәуле Қарабалина.

Айта кетейік, доцент өзінің монографиясын екі мәрте докторлық диссертацияны қорғап шыққан профессор Анатолий Калюжныйдың құрметіне арнады.

Бекбол Құлдан, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *