Танымал журналист Марат Жұмабаев «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметіне қайта оралды — TILSHI.KZ

Танымал журналист Марат Жұмабаев «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметіне қайта оралды

Бөлісіңіз

Танымал журналист, тележүргізуші Марат Жұмабаев «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды «Тілші».

Рас, ресми түрде оның қандай лауазымды қызмет атқаратыны жайлы әзірге футбол клубы тарапынан ресми мәлімдеме тарамады.

Әзірге белгілісі, футбол клубының хабарламалары Марат Жұмабаевтың жеке поштасынан келіп жатыр. Оның іс жүзінде қызметке кірісіп кеткенін футбол клубына қатысы бар адамдар растап отыр.

Марат Жұмабаев «РИКА» медиахолгиніне қарасты барлық ақпарат құралдарына ұзақ жылдар бойы қызмет етті. Кейін «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметіне ауысты. Араға жылдар салып, Астанаға басқа қызметке кеткен болатын.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: Prosports.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *