Ақтөбе облысында шенеуніктер тойларда ортаға шығып, би билеуден бас тартып жатыр

Бөлісіңіз

Ақтөбенің асабалары тойларда шенеуніктерді ортаға шығарып билетудің өзі мұң болып отырғанын айтады. Танымал мемлекеттік қызметкерлер көңіл көтеретін ойындарға да қатысудан қалып барады, деп хабарлайды «Тілші».

«Көптен бері той жүргізіп келемін. Асаба көп заманда қайтсек тойды неғұрлым қызық қылып өткізсек деп жанталасып жатамыз. Той иесі разы болсын дейміз ғой. Қонақтардың да көңілді отырғандарын қалаймыз. Өкінішке қарай, мына ұялы телефон деген бәле болды. Видеоға түсіп, масқарамыз шығып жүрер деп, көп адам ортаға шығып билеуден қалды. Қызықты ойындар туралы айтудың өзі артық», — деді «Тілшіге» Аман есімді Шалқар қаласының той жүргізушісі (асаба жігіттің есімі өзгертілді — ред.).

Оның айтуынша, той — көңіл көтеріп, демалатын орын. Ал, біздің кейбір маңызды қонақтар қысылып, қымтырылып, абыройсыздықта қалмасақ нетті деп, жан-жағына қарайлап, алаңдап отырады.

«Бұл жалғыз мені емес, көптеген асабаны алаңдатып отырған жайт. Олар тіпті, тойда ортаға шығып, ән айтып, би билемейтін болса, тойға келді не, келмеді не, қызық болмайды ғой. Әзірге, бұл мәселенің қалай шешілетіні белгісіз», — дейді той жүргізуші.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *