Майкл Джексонның Ақтөбедегі фанаты Қазақстан мен АҚШ-тың достығына концерт арнамақшы

Бөлісіңіз

Поп королі Майкл Джексонның Ақтөбедегі фанаты, музыкант, әуесқой сазгер Әли Аманжолұлы алғашқы шоу-концертін Қазақстан мен АҚШ-тың, Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың достық қарым-қатынасына арнамақшы, деп хабарлайды «Тілші».

Жас әншінің кеші 31 қаңтарда Кеңқияқта өтеді деп жоспарланып отыр.

Әли Аманжолұлы Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Бүгінде Темір ауданы Кеңқияқ кентінің мәдениет үйінде қызмет етеді. Жас музыкант шетел азаматтарымен байланыс орнатып та үлгерген. Оның дауысына тәнті болған американдықтар бірігіп ән жазу жөнінде ұсыныс та тастапты.

Кеңқияқ мәдениет үйінде екі елдің достастығы үшін өтетін шараны әзірлеуге Темір ауданының белсенді тұрғыны, Кеңқияқ мәдениет үйінің директоры Ардақ Құбашева көмектесіп жатыр.

«Бағдарламада поп королі Майкл Джексонның өмірбаяны, шығармашылығы, көрген қиындықтары мен қол жеткізген жетістіктері, отбасы, бауырлары туралы кеңінен айтылады. Жүргізушілер тыңғылықты дайындалып жатыр. Концерт барысында Әли баламыз кумирінің бірнеше әнін жанды дауыста орындап шығады. Жас талант сонымен бірге, өзінің шығарған әндерін де көпшілікке ұсынбақ», — деді «Тілшіге» берген сұхбатында Кеңқияқ мәдениет үйінің директоры Ардақ Құбашева.

img-20180131-wa0001

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шоу-концерт барысында Елбасы Назарбаевтың таяуда АҚШ-қа сапары мен Дональд Трамппен болған кездесуі жайында мағлұмат айтылады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *