Бердібек Сапарбаев: Біздегі қалааралық, халықаралық тасымалмен айналысатын автобустарды да тексеру керек

Бөлісіңіз

Бердібек Сапарбаев жұмысқа қосылған бойда автобустардың техникалық жағдайын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды «Тілші».

«Ақтөбе облысы арқылы халықаралық көлік ағыны өтіп жатыр. Транзиттік өлке. Кешегідей қайғылы жағдай қайталанбас үшін көлік бақылау инспекциясы, жергілікті полиция қызметі көлік прокуратурасымен бірлесе осы бағыттағы жұмыстарды күшейтулері керек. Біздегі қалааралық және халықаралық тасымалмен айналысатын барлық автобустарды тексеру қажет», — деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, бейсенбіде Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 өзбек азаматы көз жұмған болатын.

Марат Төлепберген, «Тілші»

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *