«Тілші» медиа мектебіне жергілікті билік өкілдері де қызығушылық таныта бастады — TILSHI.KZ

«Тілші» медиа мектебіне жергілікті билік өкілдері де қызығушылық таныта бастады

Бөлісіңіз

Ақтөбеде «Тілші» медиа мектебі ашылды. Алғашқы лекте он адам білім алып жатыр, деп хабарлайды Tilshi.kz.

Екі ай ішінде осы күнгі журналистикаға қажетті тетіктер үйретіледі, сонымен бірге, ақпарат алу жолдары, дереккөздер, интернеттегі жаңалық, фрилансер (еркін журналист) жұмысы, т.б. сөз болады.

Сабақ барысында «Тілші» мектебінің шәкірттеріне тележурналистика негіздері де оқытылады. Облысқа танымал тележурналистер телевидение жұмысының қыр-сырымен таныстырады. Қазіргі таңда сұранысқа ие мультимедиа құралдары да назардан тыс қалмайды.

Сонымен бірге, бүгінгі журналистикадағы трендтер жөнінде кеңінен айтылады. Салалық журналистика, оның ішінде іскерлік журналистика, бюджеттік журналистика, мобильді журналистика, интернет-журналистика, сотта өзін ұстау барысы, журналистердің құқықтары мен міндеттері, құқықтық негіздер, интернеттегі қауіпсіздік, декриминализация жөнінде айтылады.

Баспасөз қызметі және қоғаммен байланыс. Бағдарламада БАҚ өкілдері мен нақты құрылымның арасында байланыс орнату, медиа саласының қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас жасау, камера алдында сұхбат беру, пресс-конференцияларда журналистер тарапынан қарша бораған сауалдарға жауап беру жолдарын үйрету қарастырылған.

Айта кетерлігі, бүгінде оқушылар қатарында мемлекеттік құрылымдардың баспасөз қызметкерлері де бар. Ақпан айында басталатын келесі лекте қалалық әкімдік қызметкерлері де медиаға қатысты дәріс алуға мүдделілік танытып жатыр.

«Тілші» медиа мектебінде облысқа, елге танымал журналистер дәріс оқиды.

Tilshi.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *