Уахабтар жайлы қойылымда басты рөлді сомдаған ақтөбелік актриса «Тергеушілер» сериалында да төбе көрсетті

Бөлісіңіз

Атышулы «Есігімді қаққан кім?» қойылымында басты рөлді алып шыққан ақтөбелік актриса Жанна Өтеген республикалық «Хабар» арнасында көрсетіле бастаған «Тергеушілер» сериалында күдікке ілінген зертхана меңгерушісін сомдайды, хабарлайды «Тілші».

Жанна Өтегеннің кейіпкері Тоғжан есімді оқымысты ғалым сценарий бойынша тәртіп сақшыларының күдігіне ілігеді. Оны жақтырмайтын кейіпкер белгісіз жағдайда көз жұмса керек. Содан тергеушілер зертхана қызметкерін әрі-бері сүйрейді.

img-20171223-wa0074

«Алматыға жолым түскенде суреттерімді тастап кеткенмін. Кейін режиссер хабарласып, менің іріктеуден өткенімді айтты. Түсірілім екі айға созылды. Кинода рөлдерді сомдау мен үшін үлкен тәжірибе. Гонорарым күніне 30 мың теңге болды деп те айта аламын. Алғаш рет студент кезімде бір рөлді сомдағам. Осы жолы екінші рет түсіп отырмын. Жазда одан бөлек тағы бір түсірілімге шақырды», — дейді бүгінде Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының белді актрисаларының бірі Жанна Өтеген.

Ақтөбеге актриса жолдамамен осыдан санаулы жыл бұрын бірнеше әріптесімен бірге келген. Сол кезде театр басшылығы оларды баспанамен қамтамасыз ететін болып уағдаласыпты. Өкінішке қарай, уәде әлі күнге орындалмай келеді.

Дегенмен, Жанна Өтеген Ақтөбені тастағысы жоқ. Осында тұрмысқа шығып, отбасылы болды. Балалары бар. Бүгінде жас отбасы туыстарымен тұрып жатыр.

img-20171223-wa0076-1

«Шақырту түсіп тұрса, Алматы, Астана қалаларына барып тұрамын. Кезінде Ақтөбеге тартқан аға әріптесім Мағзом Бақытжанов мені кәсіби актриса ретінде бағалайды. Әрдайым мақтан тұтатынын ашық айтып жүр. Халықтың көңілінен шыққан атышулы «Есігімді қаққан кім?» қойылымында хиджаб киген келіншекті сомдадым», — дейді актриса.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *