Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалдарыңызға Ақтөбедегі құзырлы орган өкілдері жауап береді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Токушев «Тілші» оқырмандарының сауалына жауап береді.

Сіз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты сауалдарыңызды осы хабарландырудың астына пікір ретінде қалдыра аласыз.

 

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

5 thoughts on “Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалдарыңызға Ақтөбедегі құзырлы орган өкілдері жауап береді

  1. Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметке барғым келеді. Түсінікті, қарапайым тілмен жеткізсеңіз. Қандай құжаттар керек, қайда барып, қандай емтихан тапсыруым керек?

    1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті:

      Ең бірінші ҚР Мемлекеттік қызметі туралы ҚР Заңының 16-бабына сәйкес жасы 18-ге толған, сыйбайлас жемқорлық қылмыс жасамаған, сот әрекетке қабілеттілігін және лауазым атқару құқығынан шектемеген, алынбаған не өтелмеген соттылығы жоқ, біліктілік талаптарына сәйкес келетін ҚР азаматтары теңдей дәрежеде мемлекеттік қызметке орналаса алады.
      Мемлекеттік қызметке орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметке орналасу үшін төменгі лауазымдарға жоғарғы білім болған жағдайда еңбек өтілі талап етілмейді.
      Еңбек өтілі бойынша талаптары Агенттік Төрағасының 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында көрсетілген.
      Сонымен қатар, осы үлгілік біліктілік талаптары негізінде, әр мемлекеттік орган өзінің лауазымдарының біліктілік талаптары жинағын бекітеді. Мұнда әр лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес қажетті білімі бойынша талаптары көрсетіледі. Яғни, мемлекеттік қызметте функционалдық міндеттерге сәйкес кез келген саладағы білімді қажет ететін лауазымдарды табуға болады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасу үшін мемлекеттік тілді және ҚР Заңнамаларын білуге арналған тестілеуін тапсырып, шекті мәндерден жоғары көрсеткіш жинау қажет. Мұның қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Мұнымен қоса, жеке қасиеттерін бағалауға арналған автоматтандырылған тестілеуді тапсыру керек. Мұнда шекті мән қарастырылмаған. Тест нәтижесі бойынша қорытынды беріледі.
      Аталған тестілеуді тапсыру үшін ешқандай шектеу жоқ, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз негізде алдын ала тестілеуге жазылып кез келген азаматтың тапсыруына болады.
      Сертификат пен қорытынды конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың бірі болып табылады. Мұнымен қатар, бірқатар құжаттар пакеті талап етіледі, атап айтқанда:өтініш; кандидаттың қызметтiктiзiмі; білімі туралы құжат, еңбек өтілі қажет етілген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжат, 086 нысанындағы денсаулығы туралы анықтама, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, нарко және психодиспансерлерде есепте тұрмағандығы туралы анықтама.

  2. ҚАЗАҚТА ОРАМАЛ БЕРУ ДЕГЕН БАР. СІЗДЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ОРАМАЛ БЕРУ ДЕГЕН БАР. ЖАЛПЫ, ОРАМАЛ БЕРУ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ БАР. СОНЫҢ АРАЖІГІН АЖЫРАТЫП БЕРІҢІЗШІ. ӨЙТКЕНІ, ОРАМАЛ ДЕП БЕРГЕННІҢ БАРЛЫҒЫ ПАРА ЕМЕС ШЫҒАР, ҚАЗАҚТА ОРАМАЛ БЕРУ ДЕГЕН ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ДЕП ТҮСІНЕМІН.

    1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті:

      Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір материалдық немесе материалдық емес нысандағы сыйлық беруге тыйым салынған. 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйақы мөлшері — әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 676, 677, 678 баптарына сәйкес).
      Ал сыйақы құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда — қылмыстық құқықбұзушылық болып есептеледі (ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 — 367 баптарына сәйкес).

  3. У меня вопрос, может ли адм.гос служащий заново поступить на госслужбу если он был уволен по отрицательным мотивам?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.