Алға ауданы әкімінің жоқтығын білдірмеген шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Бөлісіңіз

Осы жылдың мамыр айынан бері Алға ауданы әкімінің міндетін атқарып келген Гүлназ Сисенова жаңа қызметке тағайындалды. Облыс басшысының өкімімен ол Мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды «Тілші».

Шенеуніктің таныстары оның анау-мынау ер әкімге бергісіз жұмыс істейтінін алға тартады. Тіпті, аудан басшысы қызметіне лайық деген әріптестері Гүлназ Сағынқызына қатысты бір әттеген-ай — оның А корпусында болмағанымен түсіндіреді. Айта кетейік, аудан басқару үшін шенеунік А корпусында болуы керек.

36 жастағы Гүлназ Сисенова Қобда ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары. Мамандығы экономист-қаржыгер. Еңбек жолын Алға ауданының Алға қаласында салық комитетінің өндіру бөлімінің жетекші инспектор маманы қызметінен бастаған. Облыстық қаржы басқармасында жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: diapazon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *