Самұрық Қазына Trust Ақтөбе облысының әлеуметтік саласына 0,6 млрд теңгенің көмегін көрсетті

Бөлісіңіз

Самұрық Қазына Trust қоры бүгін Ақтөбе облысындағы орта және түзелту мектептеріне баспасөз туры аясында бірқатар жобаларымен таныстырды, деп хабарлайды «Тілші».

Қордың ресми өкілі Лима Диастың хабарлауынша, Ақтөбе облысының әлеуметтік саласына 600 млн теңге, оның ішінде білім саласына 270 млн теңгеге көмек көрсетілген. 50 орта және 4 түзелту мектебіне спорттық және арнайы жабдықтар сатып алынған.

«Біздің қор көптеген игі бастамаларды қолға алып келеді. Ақтөбе облысы бойынша алғаш рет әлеуметтік жауапкершілік аясында бәрқатар жобаларды жүзеге асырып отырмыз. 50 мектепке спорттық жабдықтар алып бердік. 4 түзелту мектебіне арнайы құралдар береміз», — деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

20171127_124445

Ақтөбедегі жаңа білім ордалырының бірі — №55 мектепте осы орайда «Биіктерге бірге!» атты салтанатты жиында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Әлеуметтік жобалар қызметінің басшысы Нұрлан Оразалиев облыс мектептеріне сертификаттар табыстады.

Бердібек Сапарбаев «Самұрық Қазына» қоры тарапынан келесі жылы да көмек болатынын жасырмады.

«Жалпы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңірде аз жұмыс жасалмады. Мұндай шаралар жалғаса беруі керек», — деді облыс басшысы.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *