Ақтөбеден шыққан жас жазушы Данияр Сүгірәлиновтің кезекті туындысы Ресейде жарық көрді

Бөлісіңіз

Ақтөбелік Данияр Сүгірәлиновтің кезекті туындысы жарық көрді. Бұл туралы желіде оның жары Елена Сүгірәлинова хабарлады, деп жазады «Тілші».

«Талантты, ақылды жазушы әрі жолдасым Даниярды Ресейдің ең мықты баспасында екінші кітабының жарық көруімен құттықтаймын. Кітап 22 қарашада «Есентай Молл» (Алматы) сауда орталығында таныстырылады», — деп жазады Елена Сүгірәлинова желідегі парақшасында.

Шығармада өмірде жолы болмаған жігіттің өмірі баяндалады. Бүгінде Даниярдың кезекті туындысы Ресейдің интернет-дүкендерінде саудаға шығарыла бастады.

18

Айта кетейік, Данияр — Қазақстандағы алғашқы блогерлердің бірі. Алғашқы «Кірпіш» туындысы жарық көрген соң, оның танымалдылығы алдымен Ресейде арта бастады. Ақтөбедегі алғашқы интернет-жобалардың авторы.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *