2018 жылы QR код арқылы сауда жасауға көшеміз

Бөлісіңіз

QR код арқылы төлем жасау туралы не білеміз? QR-код бізге бейтаныс болғанымен   QR технологиясы арқылы төлем жасау Корея, Қытай елдерінде, Оңтүстік Азияда қолданыста бар.  «Халық банкінің» орталық ғимаратында, Qazkom мен Visa технологиясының мобилдік қосымшасының негізінде инновациялық Homebank  Рау төлем сервисінің Қазақстанда іске қосылғандығы туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.

Баспасөз баянында  төлем сервисі тұтынушыларға  QR кодты түсіру арқылы төлем жүргізуге, ал сауда орындары мен қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін қымбатқа түсетін  РОS терминалдарынсыз QR технологиясы арқылы контактісіз төлем қабылдауға мүмкіндік береді.  Бұл өз кезегінде қаржыңыздың электронды баламасының қауіпсіздігіне тікелей әсері бар. Бүгінде электронды қаржы бақылаудың түрлі баламалары бар, бірақ көпшілігі заңдастырылмаған. Сондықтан қаржыңыздан айырылып қалу қаупі басымдау, ал бүгінгі таныстырылып отырған QR технологиясы ең тиімдісі болмақ.

Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров:  «Бүгінгі күні таныстырылып отырған жаңа төлем сервисінің ерекшелігі туралы айтар болсақ, бұл сервис қарапайым әрі қол жетімді. Кез келген жерде Android  немесе IOS  смартфоны көмегімен -ақ сауда жасай береміз.

Visa-ның Орталық Азия елдеріндегі аймақтық менеджері Ғалым Табылдиев: Аталған төлем жүйесі EMVC серіктестігімен бірге әлемнің түрлі елдерінде QR код технологиясының тәжірибиесі ескеріле отырып, Visaмен әзірленген болатын. Бұл ашық стандарттармен жұмыс істейтін индустрияның дамуына, ал мемлекеттерде сандық экономикаға тез өтуіне ықпал жасайды.

QR кодты қалай пайдалана аламыз? Таныстырылым өтпес бұрын Qazkom базарлармен түрлі сауда жасайтын қоғамдық жерлерде сауалнама жүргізген,  сауалнама қорытындысы бойынша базарлардағы сатушылардың көпшілігі POS-терминалдардың қымбат болуына байланысты қолма-қол емес төлем қабылдауға дайын емес екендерін айтқан. Алайда олар оны алмастыра алатын қосымша құрылғы пайда болған жағдайда қолма-қол емес төлемді қабылдауға дайын екендіктерін жеткізген. Өз кезегінде тауар мен қызметтің тұтынушыларында QR коды арқылы есеп айырысу үшін Qazkomның Visa төлем картасы, Android  немесе IOS  смартфоны көмегімен Homebank қосымшасын көшіріп алуы қажет. Тауар иесі болса QR кодын үлкен қағазға жазып қойса болғаны, өз кезегінде тұтынушы телефонға түсіріп алған QR коды арқылы саудагердің барлық ақпаратымен танысып, төлем жасай береді.  Жаңа сервиске қосылу үшін коммерсант-компанияға Qazkom мен сауда эквайрингі жөніндегі келісімге отыруы тиіс.

Тиісті өтінімді үйде отырып-ақ, яғни  https: //epay.kkb.kz/join сайты немесе банктің: +7 (727) 258 52 57 телефоны бойынша call орталығына қоңырау шалу арқылы жолдауға болады екен.

Қараша айынан  бастап Астана мен Алматы қалаларында сауда үйлерімен басқа да қаржы төлемдерін жасайтын орындарында  қолданысқа енгізілсе, 2018 жылдан бастап аймақтарда жүзеге аспақшы.

 Аида Кожмамбетова, Алматы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *