Жентті брендке айналдырған ақтөбелік кондитерлер Ресейде өткен байқауда 55 млн теңгені қанжығаларына байлады

Бөлісіңіз

Ақтөбеде жентті брендке айналдыра білген «Ваниль» кондитерлік цехы Ресейде өткен сайыста жеңімпаз атанып, 55 млн теңгенің сертификатына ие болды, деп хабарлайды «Тілші».

Бұл туралы бүгін облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова хабарлады.

Айта кетейік, «Ваниль» кондитерлік цехы соңғы жылдары жент қосылған шоколадтарымен кеңінен танымал бола бастады. Шағын кәсіпорынның өнімдеріне өзге облыстар мен көршілес мемлекеттерде сұраныс арта бастады. Бүгінде аталған цехтың Ресейдің Орынбор облысында бірнеше филиалы ашылды.

Ақтөбеде ашылғанына 8 жыл болған «Ваниль» цехы облыстағы қоғамдық шараларға қатысып, қайырымдылық көрсетіп келеді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *