Ақтөбеліктерге пантамен емделу үшін Шығыс Қазақстан облысына қатынаудың қажеті жоқ

Ақтөбеліктерге пантамен емделу үшін Шығыс Қазақстан облысына қатынаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы бүгін облыстағы пантамен емдеу орталығының құрылтайшысы, кәсіпкер Қалауша Садықова айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінде пантымен емделу құны 50 мың теңгеден басталады.

«Орталыққа жолыққан адам кемі 5-7 күн ем алады. Алтай тауларының етегінде жайылатын маралдардың пантасымен емделу Ақтөбеде де мүмкін. Оның емі жайлы айтудың өзі артық шығар. Сонау Шығыс Қазақстанға қатынаудың қажеті жоқ. Жолға кететін уақытыңыз бар, шығынды қосыңыз. Бүгінде пантамен емдеу ақтөбеліктерге қолжетімді», — деді Қалауша Садықова.

Айта кетейік, таяуда Орынбор облысында өткен «Бизнес-Класс » конкурсында ақтөбелік кәсіпкер екінші орынды иеленіп қайтты.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: appletour.kz

18

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.