Алға ауданына кімнің әкім болып тағайындалғаны белгілі болды

Алға ауданына кімнің әкім болып тағайындалғаны белгілі болды

Ілияс Испановтың тағы бір орынбасары қызметінен кетті. Нағымжан Алдияров Алға ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Тілші».

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың бір орынбасары Ләззат Оразбаева осы аптада облыстық білім басқармасы басшысы қызметіне кіріскен болатын. Араға бір-екі күн салып, Испановтың тағы бір орынбасарының қызмет ауыстырғаны белгілі болды.

Сенімді ақпарат көздерінің хабарлауынша, Нағымжан Алдияров қызметіне алдағы аптада кіріседі. Оның әкім болып тағайындалғаны туралы жаңа жұмыс аптасында ресми түрде хабарландырылады.

Қала әкімінің сайтында Нағымжан Алдияров туралы аз-маз мәлімет келтірілген.

12

Ол 1975 жылы туған. Білімі жоғары, М.Тынышбаев атындағы Қазақ ККА және Қ.Жұбанов атындағы АМУ түлегі. Теміржол саласында еңбек еткен. Ауылдық, қалалық округтерде әкім болған. Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: rikatv.kz

 

  1. Оте дурыс тагайындау. Алгалыктар ризамыз. Жумыс жасайтын жигит. Мыкты кадр

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.