Сапарбаев әкім стипендиаттарының тізіміне «блатнойлардың балалары» еніп кетпеуін тапсырды

Бердібек Сапарбаев өз атынан берілетін әкім шәкіртақасының кез келген студентке тамыр-таныстықпен беріле салмау керектігін қатаң ескертті, деп хабарлайды «Тілші». Облыс әкімінің стипендиясына үміткерлер қатарына «блатнойлардың» балалары өтіп кетпеуін тапсырды.

«Осы жағын ескеру керек. Бұл облыс әкімінің стипендиясы. Ертең маған «ана біреуге беріпсіз, пәленшенің туысқаны алыпты» деп жүрмесін. Екіге оқитын, сабаққа келмейтіндер, тәртіп бұзатындар, тағы басқалары бар. Әділетсіздік болмасын», — деп ескертті ол көпшілік алдында.

Өз кезегінде, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жастарды марапаттау рәсімі қараша айының алғашқы аптасына жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Өткен аптада барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 285 студент үміткер ретінде таңдап алдынды. Көктем айларында жинақталды. Олардың қатарында жетім балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан жастар бар. Оларды арнайы комиссия іріктеді», — деді облыстың «бас идеологы» Бұлбұл Елеусінова.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.