Атырауда Руxани келісім күні тойланды

Бөлісіңіз

Атырауда Руxани келісім күні тойланды, – деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Мерекеге орай өткізілетін салтанатты жиынға облыс әкімі қатысып, аймақ тұрғындарын құттықтады.

– Кеңес үкіметі тарағаннан кейін 90-шы жылдардың бас жағында кейбір мамандар Қазақстанның болашағы жоқ деген ұйғарымға келді. Олар Қазақстанда көп ұлт өмір сүреді, олардың ұстанған діндері әртүрлі, сондықтан, мемлекет елдігін сақтай алмайды деген ұйғарымдар жасады. Бірақ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының нәтижесінде бұл пікір ақталмады, жоққа шықты. Еліміз керісінше татулық пен берекенің символына айналды. Бірлігі бекем, тірлігі мықты болашағына сенген ірі мемлекет болып өркендеп отыр, – деді Нұрлан Ноғаев.

img-20171018-wa0019

Шара барысында еліміздің рухани келісімін нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың ішінде Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сүйінғалиев Ғизат, Римдік-Католиктік Атырау апостол Әкімшілігінің Апостол әкімшісі Дариуш Бурас, «Вайнах» шешен-ингуштық этомәдени бірлестігінің мүшесі Зубариев Зелимхан, «Прикаспийская коммуна» саяси – қоғамдық газетін қиын жылдарында редакцияға басшылық еткен Монастырская Любовь бар.

Айта кетелік, бұл мерекені тойлау 1992 жылы қазанда Алматы қаласында өткен І әлемдік Рухани келісім конгресінде ұсынылған. Конгреске қатысушылар 18 қазанды рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *