LaLa Band тобының «Жаса» фильміне саундтрегі тыңдарманға жол тартты (ВИДЕО, ФОТО)

«Медиа Про» орталығының өкілі Асу Төреғалиеваның айтуынша, оқушылардан құралған LaLa Band тобының алғашқы әні мен бейнеклипі тыңдарманға жол тартты.

Таяуда Жұлдыздар үйінің салтанатты ашылуы кезінде қыздар тобының тұсауын қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева мен облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова кескен болатын.  Олар топ мүшелеріне сәттілік тілеп, Ақтөбенің атын танытып жүрулеріне тілектестігін жеткізді.

img-20171011-wa0037

«Төрт адамнан тұратын топтың алғашқы туындысы «Жалықпа» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, жасөспірімдерге күш тасып тұрған шақта еш жалықпау керектігін, тек еңбектенуге, үйренуге шақыратын ән», — дейді Асу Төреғалиева.

img-20171011-wa0038

Орталық өкілінің айтуынша, лалагүл (LaLa) — жылдың ең ыстық мезгілінде гүлдейді.

«Өскелең ұрпақтың шығармашылық тұрғыда өзін көрсете алатын кезі деп ырымдап, топты осылай атауды жөн көрдік. Топ құрамында Жұлдыз, Ұлжан, Рустина, Дана есімді биші, әнші қыздар бар. 6-8 сынып оқушылары. Ал, «Жалықпа» әніне клип «Жаса» фильміне саундтрек ретінде түсірілді», — дейді Асула Төреғалиева.

img-20171011-wa00281

Топ продюсері Жанаргуль Досова, музыкалық жетекшісі Айнұр Кустаева, сөзін ақын
Оразбек Қиынбаев жазды, әнін Нұржан мен Мұрат Күлетеновтер әрлеген. Бейнебаянды Данияр Нұрғалиев пен Батыр Ордабаев түсірді.

img-20171011-wa0033

«Болашақта қыздар тобының альбомын жарыққа шығару жоспарда бар. Әндері позитивті болады», — дейді орталық өкілі.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.