Қырғыз актері ақтөбелік «Екі езу» театрының құрамында өнер көрсетпек (ВИДЕО)

Бөлісіңіз

Тоқсаныншы жылдары көпшілікке кеңінен танымал болған қырғыз актері Абдыбаказ Кадырматов ақтөбелік «Екі езу» сатира театрының құрамында өнер көрсететін болады, деп хабарлайды «Тілші».

Театр жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқанның айтуынша, қырғыз актері ұсынысты қабыл алған соң, құзырлы органдарда оның құжаттары рәсімделді.

Бүгінде жаңа құрам жаңа бағдарламамен облыс аудандарына гастрольдік сапармен шығуды жоспарлап отыр.

Нұрлыбек Жұбатқанның айтуынша, театр ұжымы 25 қазанда Қарауылкелдіде, 1 қарашада Шұбарқұдық, 3 қарашада Ойылда өнер көрсетеді.

fb_img_1508266036003

Айта кетейік, Абдыбаказ Кадырматовтың орыстілді бойжеткенмен телефон арқылы сөйлесетін скетчі қазақ көрермендерінің есінде. Кезінде Қазақстанға жиі келіп өнер көрсеткен актерді аға буын жақсы таниды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *