Ақтөбе облысы Ресейге 1 мың тонна ет жөнелтеді

Бөлісіңіз
lenta.ru
lenta.ru

Ақтөбенің ет өндіру кәсіпорындары Ресейге жылына 1 мың тонна ет экспорттамақ, деп хабарлайды «Тілші».

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Ақтөбе ет кластері» ЖШС «МитМитМит» компаниясымен жылына мың тонна көлемінде сиыр етін Ресей федерациясына жеткізу бойынша келісімге отырды.

«Кәсіпорын экологиялық жағынан таза ет өнімдерін заманауи технологиялар бойынша өндіреді. Компания мал бағу, бордақылау, етті қайта өңдеуден бастап дайын өнімді нақты тұтынушының тапсырысымен тиеуге дейінгі өңдеу процестерімен өзі айналысады», — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Етті Иран, Біріккен Араб әмірліктері мен Қытай елдеріне жеткізу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *