Журналистер арасында «Еркін сөз» шығармашылық байқауы жарияланды

Журналистерді ынталандыру мақсатында өтетін байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүше болады.

Байқауға Қазақстанның қаржы саласында қол жеткізген жетістіктері, қаржылық саясат, ұлттық валюта, банк қызметі тағы басқа тақырыптағы материалдар (2017 жылдың 9 қазанынан 2017 жылдың 27 қараша аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар), сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады.

Жеңімпаздар «Үздік видеосюжет», «Үздік радиохабар», «Үздік мақала», «Үздік шығармашылық топ», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік фоторепортаж» аталымдары бойынша марапатталады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ұйымдастырып отырған байқау туралы мәліметті төмендегі мекенжай бойынша ала аласыздар: Алматы қаласы, 050008, Жароков көшемі, 39А. Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта:  turkgazetecilervakfi@gmail.com

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.