Жерлестер форумына асыққан Димаш ұшақтан қалып қойды

Бөлісіңіз

Шанхайдан Алматы арқылы Ақтөбеге жерлестер форумына асыққан Димаш Құдайберген ұшақтан қалып қойды, деп хабарлайды «Тілші».

Сенімді дереккөз хабарлағандай, әуежайға уақытында келген Димаш жүгін тапсырып жіберген.

Алайда, әуежайда таныған фанаттары оны қоршап, суретке түсіп жатқанда ұшақ көкке көтеріліп кеткенге ұқсайды.

«Дауыстап хабарландыру болмаған секілді. Бүгінде барлығы таблода көрсетіледі. Фанаттарымен суретке түсіп жүргенде ұшағынан қалып қойған секілді», — деп хабарлады Алматы әуежайындағы жолаушылардың бірі «Тілшіге».

Белгілі болғандай, Димаштың жүгі бір ұшақпен келеді. алматы әуежайының басшылығы форумға асыққан әншіні келесі рейске отырғызып жібермек.

Димаш Құдайберген бүгін кешке Орталық стадионда өтетін концертке тақап жетуі мүмкін.

Асқар Ақтілеу, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *