«Ақтөбе — құтты мекен» форумында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді

Бөлісіңіз

Қыркүйек айының 28-29 күндері Ақтөбеде өтетін форумда Димаш Құдайберген өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Тілші».

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның айтуынша, Ақтөбеден шыққан танымал өнер адамдары 27 қыркүйекте қалаға келе бастайды.

«28 қыркүйекте Орталық стадионда форум аясында үлкен шара өтеді. Димаш та өнер көрсетеді. Оған тек шақыру қағаздары бойынша кіруге болады», — дейді Маржан Нағашыбекқызы «Тілшіге».

Форумға Жанар Айжанова, Құралай мен Мирас Бекжановтар, Нұрболат Абдуллин, Асхат Тарғын, Есет Сәдуақасов, Айгүл Елшібаева, Ырысты Сүлейменова, Бауыржан Ордин, Алдаберген Жақсыбаев секілді Ақтөбе өңірінен шыққан өнер адамдары келеді деп күтілуде.

Асқар Ақтілеу, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *