Украина «Первый канал» тілшісін елден шығарды

Киевте ұсталған ресейлік «Первый канал» телеарнасының журналисі Анна Курбатова Украина территориясынан шығарылды. Украина Ұлттық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Курбатова Киевте «Украинаның ұлттық мүддесіне қайшы жұмыс істегені үшін» елге кіруіне үш жылға дейін тыйым салынған.

Курбатова 30 тамызда Киевте тұтқындалған. Мұның алдында украиналық белсенділер оны «қоғамдық мәні бар ақпаратты манипуляция жасап, насихаттады, оқиғаны тенденцияға айналдырып баяндады» деп айыптаған. Мұндай айыптау Курбатованың Украинаның Тәуелсіздік күнін атап өту жайлы сюжетінен соң тағылған. Курбатова хабарында Киевте өткен әскери парадты «тәуелділік маршы» деп атаған.

azattyq.org

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.