Өзбекстанда 24 сағаттық телеарна ашылды

Өзбекстанда 24 сағаттық телеарна ашылды

24 шілдеде Өзбекстанда жаңалық тарататын 24 сағаттық телеарна ашылды. “Өзбекстан-24” ашылуында тележүргізушілер “Өзбекстан үшін оянатын сәт келді” деді. Олар “бұл арна ел президенті Шавхат Мирзияевтың арқасында ашылғанын” атап айтты.

Өзбекстан ұлтты телевизиясы төрағасының орынбасары Бобыр Алиханов “телеарна шынайы әрі бейтарап ақпарат тарататынын, бірақ Өзбекстан позициясын ұстанатынын” айтты.

Телеарна алдағы уақытта қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек тілдерінде де хабарлар дайындайды.

azattyq.org

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.