2017-2018 оқу жылының мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді — БҒМ

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, сырттай оқитын жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Құжат ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында қабылданған. Құжаттың тізімінде білім беру мамандықтары бойынша 6 385 мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылған, оның 1 мыңы ағылшын тілінде жоғары білім беруді көздейді.

Техникалық ғылымдар және технологиялар бойынша — 11 255, жаратылыстану ғылымдары бойынша — 2 133 тапсырыс бөлінген. Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс тізімін бұйрықтың қосымшаларында танысуға болады. Айта кетерлігі, 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті.

inform.kz

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.