Ақтөбе облысында 10 күнде 20 концерт бергелі отырған Қуандық Рахым Шалқар мен Ырғызға да баратын болды

Ақтөбе облысында 10 күнде 20 концерт бергелі отырған Қуандық Рахым Шалқар мен Ырғызға да баратын болды

Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен келе жатқан Қуандық Рахым 10 күнде 20 шақты елді мекенде концерт береді, деп хабарлайды «Тілші». Әнші бір күнде екі ауылда концерт беруді жоспарлап қойған.

Концерт бағдарламасы әлеуметтік желіде тарай бастағаны сол еді, Шалқар мен Ырғыз жұрты Қуандық Рахымға наразылықтарын жеткізе бастады.

«Неліктен барлық ауылды аралағанда Шалқар мен Ырғызға келмейді?», «Бізді де ұмытпаңыз, Қуандық» дегенге саятын пікірлер легі қаптап кетті.

Танымал әнші Қуандық Рахым Шалқар қаласы мен Ырғыз ауылында да концерт беретін болды. Бұл туралы «Тілшіге» концертке жауапты адамдардың бірі хабарлады. Оның айтуынша, облыста кесте бойынша концерттер шілде айының 10-20 аралығы өтеді.

«20 шілдеден кейін бізде өзге облыстарға концерттер жоспарланған. Сондықтан араға аз уақыт салып, Шалқар мен Ырғызға қайта оралып, үлкен концерт беруді ойластырып отырмыз. Міндетті түрде Қуандық екі елді мекенге барады. Нақты уақытын қосымша хабарлаймыз. Бастысы — шілде айының соңына дейін Ақтөбе облысына оралатынымыз анық», — деді концертті ұйымдастырушылардың бірі.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: muza.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.