Азамат Бекбергенов, жас әнші: Ақтөбеден кеткен 7 жылымда ешкім іздемеді (ВИДЕО)

Азамат Бекбергенов, жас әнші: Ақтөбеден кеткен 7 жылымда ешкім іздемеді (ВИДЕО)

Бала жасынан сахнадан түспей, өз тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан әнші Азамат Бекберген бүгінде Алматы қаласында аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінде қызмет етеді. «Тілшімен» болған сұхбатында ол ақтөбеліктерге реніші барын жасырмады. Туған өлкесінен кеткеніне жеті жылдан асса да, оны мәдениет басқармасынан не басқа өнер мекемесінен ешкім іздемепті.

img_4408

«Жасым 25-те. Өнер орталығы Алматыда жүріп жатырмын. Бүгінде «Гүлдер» ансамблінің әкімшілік қызметіндемін. Шығармашылығымды тастаған емеспін. Репертуарымда бірнеше жаңа ән бар. Нарық талабы сол шығар, дауысыңның болғаны, өнерлі болғаның аздық етеді. Қолдаушың болу керек екен», — дейді Азамат Бекберген.

Ақтөбеге Азамат «Жібек жолындағы» ағасы Амангелді Сандыбаймен аудан күндерінің бірінде өнер көрсетуге келген екен. Жерлестері хабарласып, Темір ауданының Ақтөбедегі күндеріне шақырғанға ұқсайды.

«Гүлдер» ансамбліндегі қызметімнен басқа Арман Дүйсенов ағаммен шығармашылық байланыстамын. Ол маған продюсерлік етеді. Амангелді Сандыбай ағаның әндерін орындап жүрмін. Қазір хит әндердің заманы ғой. Сондықтан, біраз әнімді тыңдарманыма жеткізе алмай жүрмін», — дейді жас әнші.

img_4396

Азамат Бақберген Ақтөбеде алғаш рет «Екі езу» театры арқылы танылған болатын. Роботтың киімін киіп, роботтың қимылын салып ән шырқап жүрген оқушы кезінен танымал. Бүгінде театр жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқанмен байланыс үзбегенін айтады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.